Жаһандық үрдістерге сәйкес, сирек кездесетін металдар мен ерекше қажетті басқа да материалдардың маңызы артып келеді. Қазіргі заманауи технологиялар, цифрлық құрылғылар, жасанды интеллект, электроника мен «жасыл» энергетика салалары дәл осы сирек кездесетін элементтерге тікелей тәуелді. Бұл материалдар — болашақтың стратегиялық ресурстары. Осы орайда Қазақстан үшін үлкен мүмкіндік туып отыр.
Еліміз табиғи ресурстарға бай, геологиялық әлеуеті жоғары мемлекет ретінде әлемдік нарықта өз орнын иелене алады. Әсіресе, сирек металдар саласында біз тек шикізат көзі ғана емес, оны терең өңдеп, қосылған құны жоғары өнім өндіретін маңызды ойыншыға айналуымыз қажет. Бұл бағытта халықаралық серіктестіктер орнатып, технология трансферін жолға қою, инновациялық зерттеулерге қолдау көрсету — басты міндеттердің бірі болуы тиіс.
Мемлекет осы мүмкіндікті тиімді пайдаланып, өндіріс пен экспортты ұштастыра отырып, экономиканы әртараптандыруға үлес қоса алады. Сонымен қатар, сирек металлдар нарығындағы тұрақты қатысу еліміздің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттырып, инвестиция тартуға да оң әсерін тигізеді.
Ерлан МАХСОТОВ,
Жанбай ауылдық округінің әкімі

