ӘСКЕРДЕН АБЫРОЙМЕН ОРАЛҒАН АЗАМАТ

«Отан қорғаушы» қандай қасиетті де құдіретті сөз. Әскер қатарында қызмет етіп, Отан алдындағы парызын өтеуге әрбір азамат міндетті. Себебі, туған жерді, елді, атамекенді қорғау – қасиетті борыш. Бұл дегеніміз – батырлық пен табандылық, отансүйгіштік пен Отанға шексіз қызмет етудің нышаны. Қай дәуірде болсын, Отан қорғау әрбір Қазақстан азаматының қасиетті борышы болып келген.

 Өзін ер азаматпын деп санайтын кеудесінде ар-намысы, бойында жігері, жүрегінде оты бар әрбір жан үшін ең басты парыз, ең басты адами міндет – осы. Әңгіменің басынан-ақ, баршаға тақырыптың аясы аян болған шығар. Өткен жылдың күзгі мерзімді әскерге шақыру науқаны бойынша Шымкент қаласының «6698» әскери бөлімінде Тұщықұдық ауылының азаматы Дарынбек Емматұлы әскери борышын абыроймен өтеп келді. Бір қызығы, әскери бөлімнен Қарулы күштер қатарына үлкен уайыммен шығарып салған Дарынбектің ата-анасы Эммат Жасмағанбетов пен Жұмабике Әбілхасимоваға алғыс ретінде арнайы төсбелгі берілді.

-Ұлымыз әскерге өзі қалап, барып келді. Оның мұндай шешіміне риза болдық. Ұлымның жанымыздан ұзап бара жатқанына аздап уайым болды. Бір жыл тез өтеді деп үміттендім әрі солай болған сияқты. Балаларымыз өз міндетін ерлікпен орындаса, біз үшін үлкен мақтаныш. Әскер адамды тәуелсіздікке және жауапкершілікке бейімдейді», – дейді Жұмабике Әбілхасимова.

Мерзімді әскери қызметтен өту – қаруды, күрделі әскери техниканы қолдану дағдыларын үйренуге ғана емес, сол сияқты адамның физикалық және рухани толығуына ықпал етеді. Әскерге шақырушылар сақадай сай болып дайындалып барса, құба-құп. Еңселері көтеріңкі, көңіл-күйлері жақсы болса, ата-ана көңілі де бір жайланар еді. Себебі, олар саяттауға емес, Отан алдындағы борышын өтеу үшін саналы түрде әскерге аттанып барады. Абыроймен елге аман-есен оралған, азаматтық борышын үлгілі дәрежеде өтеп келген азаматымыздың дауысынан қуаныштың лебі сезілді.

«Қазақстан Республика-сының әр азаматының міндеті – Отан алдындағы өз борышын атқару деп есептеймін. Өзім де сол міндетті абыроймен атқару үшін әскерге барған дұрыс деп шештім. Әскери тақырыптағы фильмдерді көргенді ұнатамын. Әрқашан форма киюді, солдаттар секілді сымбатты, мінезді болуды армандайтынмын. Армандар орындалады», – деп жас сарбаз өз ойымен бөлісті.

 

Лена ТУЛЕГЕНОВА,

аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің

инспекторы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521