Әскери борышты өтеу – абыройлы мәртебе

https://aikyn.kz/

Жыл сайын Қазақстанда 18-27 жас барлық жас жігіттер шақырылады. Әскери қызмет және Қазақстан Республикасын қорғау әр азаматтың парызы мен міндеті болып табылады.

Алайда Қазақстан Республикасының «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңына сәйкес бозбаланың әскерден уақытша және тұрақты негізде босатыла алатын бірқатар жағдайлар бар. Егер тұрақты негізде азаматты әскери қызметтен толық босатуды болмаса, мерзімін кейінге қалдыру – бұл белгілі бір жағдайлар бойынша әскери қызметке шақыру мерзімін уақытша ауыстыру болып саналады.
Қазақстан Республикасының әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 647-бабына сәйкес, азаматтардың әскери есепке алу жөнiндегi мiндеттерді орындамауы әскери есепте тұрған немесе тұруға мiндеттi азаматтың жергiлiктi әскери басқару органының шақыруы бойынша көрсетілген мерзiмде дәлелді себепсіз келмеуi не елді мекенге (әкімшілік ауданға) тұрақты тұрғылықты жерге немесе уақытша (үш айдан астам мерзiмге) тұруға келуі, сондай-ақ қызметтік іссапарларға, оқуға, демалысқа немесе емделуге (үш айдан астам мерзiмге) келіп, келген жері бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына жеті жұмыс күні ішінде әскери есепке қою туралы өтінішпен жүгінуге міндетті азаматтың белгіленген мерзімде дәлелді себептерсіз келмеуі – бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Сонымен қатар, осы кодекстің 648-бабына сәйкес, Медициналық тексерілуден немесе жиындардан жалтару
1. Азаматтарды әскери есепке қою жөнiндегi комиссияның немесе әскерге шақыру комиссиясының жолдамасы бойынша медициналық куәландырудан не тексерілуден жалтару –
әскери мiндеттiлерге – бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде, ал әскерге шақырылушыларға ескерту жасауға не үш айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Әскери мiндеттiлердiң әскери жиындардан жалтаруы – бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Сондықтан, әскери міндетті жас жігіттер әскерге шақыру қағазын алып, аудандық Қорғаныс бөліміне баруларыңыз қажет.

 

Бақытжан Төлегенов

Исатай ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығының МУА майор 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521