Отан қорғау – әр азаматтың борышы. Қазіргі уақытта мерзімді әскери қызметке саналы, ынталы, жігерлі, нар тұлғалы жігіттер қажет.
Қазақстан Республикасының «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңының 9,12-баптары бойынша азаматтарды әскери-техникалық және басқа да әскери мамандықтарға даярлау жұмыстары жүргізілуде. Оған ақысыз негізде денсаулығы жарамды азаматтар тартылады. Сол себепті бүгіндері ҚР ҚМ «Әскери-техникалық мектебі РМҚК» Атырау филиалына әскер жасындағы жастардан (18-22 жас аралығы) «В, С1, С» санаттағы әскери жүргізушілерді дайындау мақсатында әскерге шақырылушылар арасынан іріктеу жұмыстары жүргізілуде. Оларға төмендегі талаптар қойылады:
1) бойы – 170 см-ден жоғары;
2) жасы – 18-22 аралығында;
3) білімі орта білімнен төмен болмауы керек.
Әскери-техникалық мектебіне байланысты басқа да мағлұматтар керек болса, ауданның қорғаныс істері жөніндегі бөліміне (Аққыстау ауылы, Ынтымақ көшесі, №23-үй) келіп немесе 2-08-51, 2-07-53, 2-07-41 телефондары арқылы хабарласуға болады.
Ермек ДЖАЗБАЕВ,
аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы, майор