Әскери өмірді көзбен көрді

Мамыр айының 14-18-і күндері аралығында Х.Ерғалиев ауылында орналасқан Новобогат орта мектебінің базасында, аудан мектептерінің 10-сынып ұл балалары үшін 5 күндік оқу-дала жиыны өтті.

Ондағы мақсат – мектеп қабыр-ғасында білім алушыларды отан-сүйгіштікке тәрбиелеу, Отан алдындағы жауапкершілік сезімін қалыптастыру мен Қазақстан халқының ұлттық, әскери және еңбек дәстүрлерін жалғастыру. Шараның ашылу рәсіміне аудандық білім бөлімінің әдіскері Р.Есқалиев, аудандағы орта мектеп директорлары мен ата-аналар шақырылған. Биылғы оқу дала жиынына барлығы 119 ұлан қатысты. Жиын барысында олар бастапқы әскери дайындықтан өтіп, қару ұстау ережелерімен танысқан.

Оқу-дала жиынының батальон командирі Б.Қадиров сөзінде: Олар алғашқы әскери дайындық сабағында алған теориялық білімдерін жетілдіріп, тәжірибеде қолданумен қатар, сапқа тұрып, тәртіпке негізделген әскери ережелерді үйренуге де толық қадам жасады. Жиын кезінде біздің оқушыларымыз өздерін нағыз әскери азамат сезініп, рухани, тұлғалық, психологиялық жағынан да жақсы қалыптасты. Шатыр астында түнеп, ауа райының ыстығына төзіп, әскердегі өмірдің қиыншылығы неде екенін сезіну сәтін бастан кешірді,- деді. Бұл жасөспірімдердің өміріндегі ең маңызды күндерінің бірі болмақ, Отанды қорғау – әрбір азаматтың міндеті. Ендігі жерде жастар да туған елінің патриоты атанып, ұлттық мүдде жолында қызмет етуі тиіс.

Анаргүл ҚҰСАЙЫНОВА

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян жаңалығы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21