Әскери заставада болды

Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 30 -жыл толуына орай Зинеден ауылында маңызды кездесу ұйымдастырылды. Оның алғашқы бөлімі шекара заставасында өтіп, жиналғандар сарбаздармен әңгімелесті, қазіргі әскер өмірімен танысты.

Бұдан кейін шара Зинеден ауылындағы Ю. Гагарин атындағы орта мектебінде «Ауғанның от жалыны» тақырыбындағы мерекелік кешке ұласты. Оған аудандағы интернациалист-жауынгерлер, №1620 шекара застава бастығының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары мен бір топ сарбаздары келді. Алғашқы сөз алған мектеп директоры Айсұлу Қалимоллақызы шараны ашып, ардагерлерді мерейтойлық медальдарымен құттықтады. Ғалихан Шамаров бастаған ауған соғысы ардагерлері қатысушыларға Ауған жерінде басынан кешкен оқиғаларын айтып, соғыс қасіретінен сыр шертті. Мектеп оқушылары «Ауған ақиқаты», «Біз - Ауғандық жауынгер» тақырыптарында көркемсөздер оқып, ауыл жастары ардагерлер құрметіне әуелете ән шырқады. Шекара заставасы сарбаздары да «Анашым», «Рота, подьем!» әндерін шырқап, көрермендердің көңілін көтеріп тастады.

Аудандық «Жас мерген» сайысынан 1-орынды иеленіп келген оқушылар тәжірибелік жұмыстар көрсетсе, Зинеден ауылдық клубының басшысы Алмаз Құрасова қонақтарды округ әкімі Аслан Ғұбашұлының алғыс хатымен марапаттады. Кешті ұйымдастырушы алғашқы әскери дайындық пәнінің жетекші мұғалімі Нұрлан Хамидуллин шағын сыйлықтарын ұсынды.

Қымбат Ғапуова,

Ю.Гагарин орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521