Смартфон арқылы анықтама алуды білесіз бе?

Ісіңіз түсіп, Халыққа қызмет көрсету орталығына барсаңыз үздіксіз кезекке тап боласыз.

Салдарынан бір ғана мекен-жай анықтамасын алу үшін біраз уақытыңызды жоярыңыз анық. Өз уақытыңызды үнемдегіңіз келсе, қолыңыздағы смартфоныңыздан "Telegram" желісін жүктеп алып, «EgovKzBot»ботын тауып,ондағы чат арқылы 13 анықтама алу мүмкіндігін пайдаланып үйренгеніңіз жөн.

Бүгінде екі адамның бірінің қолында ұялы телефон бар екені рас. Керек десеңіз,қымбат смартфондар кейбір мектеп оқушысының қолынан да табылып жатады. Енді сол смартфондарды өз пайдамызға, нақтырақ айтқанда мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің электронды форматта қолжетімділігін арттыруға пайдалансақ өзімізге олжа. Бұл - шындығында кезек күтпей, уақыт үнемдеудің ең тиімді жолы.

Дүйсенбі күні аудан әкімі аппараты мен халыққа қызмет көрсету орталығының ұйымдастыруымен аудан әкімі аппаратының басшысы Дархан Гумаровтың төрағалық етуімен Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің электронды форматта қолжетімділігін түсіндіру тақырыбында жергілікті мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен семинар өтті. Шарада аталған қызмет көрсету сапасын арттыру, электрондық форматты қызметтер санын ұлғайту, сондай-ақ, қызмет алушылардың санын көбейту мақсатында сөз алған «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Атырау облысындағы филиалының халыққа қызмет көрсету бойынша аудандағы бөлімнің басшысы Индира Дүсіпқалиева халыққа электрондық цифрлық қолтаңба алу маңыздылығы туралы іс-шаралардың өтіп жатқанына қарамастан, нәтиженің жоқтығын алға тартты.

-Біздің мақсатымыз – жергілікті тұрғындарға «www.egov.kz» порталы мен "Telegram"желісі арқылы электрондық нысандағы қолжетімді мемлекеттік қызметтерді алу тәсілдерін түсіндіріп, халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру. Егер Сіз «www.egov.kz» порталы арқылы қызмет алғыңыз келсе, бір реттік берілетін ЭЦҚ алуыңыз керек және оның пайдалану мерзімін білгеніңіз абзал. Сонымен қатар, ЭЦҚ-ны ұялы телефонда сақтай отырып, электрондық үкіметтің мобильдік қосымшасы арқылы онлайн қызметтерді алуға болады, - деді мекеме басшысы.

Анаргүл ҚҰСАЙЫНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521