Соңғы дауыс беруші де өз таңдауын жасады

Сағат тілі 20:00-ге таяғанда, дауыс беру уақытының аяқталуына аз ғана минуттар қалғанда №133 сайлау учаскесінде ең соңғы болып, 51 жастағы Нұрболат Сүлейменов есімді азамат дауыс беріп, өз таңдауын жасады.

“Еліміз үшін атаулы күнде мен де өз дауысымды бердім. Себебі,аудан әкімін сайлау–мемлекетімізде алғаш рет халықтың дауыс беруі арқылы өткізіліп жатыр. Мұндай мүмкіндікті назардан тыс қалдырмадым. Себебі, елдегі саяси науқан - болашақ үшін нақты қадам деп ойлаймын. Сайлау қорытындысы сайлаушылардың сенімін ақтарына әрі өңіріміз одан әрі дамыса деймін”,- деді ол.

Еске сала кетейік, №133 сайлау учаскесінде 1203 тұрғын дауыс беруші болып бекітілген еді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521