Сот бұрынғы шенеунік Әлтаевты президенттікке ұсынуға қатысты шешім шығарды

Астананың "Байқоңыр" аудандық соты бұрынғы шенеунік Нұржан Әлтаевты алдағы сайлауда президенттікке кандидат ретінде ұсынуға қатысты шешім қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін "Мұқалмас" республикалық қоғамдық бірлестігі Әлтаевты кандидат ретінде ұсынған болатын. Алайда бірлестіктің бірнеше мүшесі жиналыс хаттамасын жарамсыз деп тану туралы өтінішпен сотқа жүгінген.

"Ғазиза Әмірбекова, Анар Аябергенова, Майра Әбдірахманованың "Мұқалмас" РҚБ жалпы жиналыс хаттамасын жарамсыз деп тану туралы талабы қанағаттандырылсын. "Мұқалмас" РҚБ жалпы жиналысының 2022 жылғы 6 қазандағы №19-2022 хаттамасы жарамсыз деп танылсын. Сот жалпы жиналыста РҚБ мүшелерінің көпшілігі кезектен тыс президент сайлауына Нұржан Әлтаевтың кандидат ретінде ұсынылуына қарсы дауыс бергенін анықтады. Аталған мән-жайлар осы жалпы жиналыс бейнежазбасымен расталды, онда кандидат Әлтаевқа - 11 адам қарсы, алты адам жақтап дауыс бергені және куәгерлердің түсіндірмелері көрсетілген", - деді судья Лаура Сүйіндікова.

Сонымен қатар, судьяның айтуынша, "Сайлау туралы" заңда қарастырылған партиялардың құқықтары, атап айтқанда, сайлау және сайлану құқықтары бұзылады. Шешім заңды күшіне енген жоқ.

 сурет ашық дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521