СОТ ІСТЕРІ НЕГЕ КӨБЕЙГЕН?

Өткен аптада аудандық сотта баспасөз брифингісі өткізілді. Онда аудандық сот төрағасы Мерлан Құсайынов өткен бір жыл ішінде қылмыстық, азаматтық, әкімшілік және әкімшілік құқық бұзушылық істер бойынша атқарылған жұмыстар туралы хабарлама жасады.

Оның айтуынша, сотқа 263 талап қою арыздары келіп түскен. Оның 71 ісі шешім шығаруымен аяқталған. 84 азаматтық іс тараптардың бітімгершілік келісім бекітуіне 

байланысты  медиация тәртібінде тоқтатылған. Жыл ішінде сотқа 35 қылмыстық іс түсіп, оның 19-ы қаралған, 12-сіне үкім шығарылған, 7-еуі қысқартылған, оның ішінде 6 іс медиация тәртібімен тараптардың бітімгершілікке к е л у і н е б а й л а н ы с т ы қысқартылған, 11 іс басқа сотқа соттылығы бойынша жолданған.
Сондай-ақ өткен жылы сот өндірісінде 384 әкімшілік іс қаралған. Оның ішінде 123 іс бойынша қамау жазасы қолданылған болса, 169 іс бойынша айыппұл салынған, 40 іс бойынша ескерту, 1 іс бойынша Қазақстан Республикасының аумағынан әкімшілік жолмен шығарылып, жіберілгенін, ал 4 іс бойынша жүргізу куәлігінен айырылған. Ал 47 іс медиация тәртібімен жолға қойылған. Сот төрағасының пікірінше, қылмыстық , азаматтық , әкімшілікістерд ң  саны бұрынғыға қарағанда, едәуір көбейе  түскен көрінеді. Сондай-ақ ол соңғы кездері қылмыстық ,  азаматтық , әкімшілік заңнамаларына толықтырулармен өзгерістер енгізілгенін айта келіп, мұның бәрі қазақстандық азаматтар мен азаматшалардың құқықтарын қорғау үшін жасалып жатқан қадамдар екенін жеткізді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521