СОТТАЛҒАНДАР АРАСЫНДА СПОРТТЫҚ ШАРА ӨТТІ

Аудандық пробация қызметінің бөлімі  аудан прокуратурасымен бірлесіп отырып, аудандық мәдениет және дене шынықтыру спорт бөлімінің ұйымдастыруымен сотталған тұлғалар арасында волейболдан спорттық шара өткізді.

Шараның басты мақсаты пробация қызметі есебінде тұрған сотталған тұлғалармен қайта қылмыс жасау фактілерінің алдын алу. Аталған жарысқа есепте тұрған сотталған тұлғалар толықтай қатыстырылып, шара соңында олар дипломдармен марапатталды.Сондай-ақ аудандық полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторлары да қатысып, жарыстың қызықты өтуіне өз үлестерін қосты.

 

 

Суре: ашыққ дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521