Спартакиада: алғашқы алтын медаль қоржынға түсті

Атырау облысы бойынша жергілікті атқарушы және орталық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметкерлері арасындағы спартакиаданың облыстық кезеңінде өнер көрсетіп жатқан Исатай ауданы әкімдігі командасының қоржынына алғашқы жүлде ілікті. 

Спартакиада аясында тоғызқұмалақ ойынынан сынға түскен аудан құрамасы қарсыластарының бәрінен оқ бойы оза шауып, дүбірлі доданың жеңімпазы атанды. Осылайша, жерлестеріміз спартакиаданың облыстық кезеңінде жарыс жолдарын алтын медальмен бастап отыр.

22704d0a-63bf-434e-b6f0-ae3d51ed0cc6

b4f30f71-52df-440b-870c-f56acf9f5e1c

Спорттық жарыстың бұл түрінен сынға түскен құраманың сапында аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Нұрберген Өтегенов, аудандық экономика және қаржы бөлімінің сектор меңгерушісі Ерболат Махашов және аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы Назерке Қыстаубай бар. 

ad3c7fa4-4ebc-45b6-96d4-1ca24901710e

Дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан спартакиадада аудан құрамасының тоғызқұмалақ ойынынан жылда көштің басынан көрінетін де айта кеткен жөн болар. 

Жеңіс құтты болсын, жерлестер!

Әділбек СЫРЫМОВ

 

 

 

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521