Спорт – ел имиджі мен экономиканы дамытудың қуатты құралы

 

Президенттің Жолдауында айтылғандай, қазіргі уақытта кәсіби спортты жай ғана дене шынықтыру немесе бұқаралық мәдениет деңгейінде емес, қомақты табыс әкелетін бизнес-индустрия ретінде дамыту қажеттілігі ерекше маңызға ие болып отыр. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, спорт – экономиканың нақты бір тармағына айналып, миллиондаған инвестициялар тартуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға, туристік ағынды арттыруға және халықаралық беделді көтеруге зор ықпал етеді.

Қазақстан үшін де бұл бағыт стратегиялық маңызды. Қазіргі таңда елімізде спорттық инфрақұрылымды дамыту, заманауи стадиондар мен кешендер салу, спортшыларды халықаралық деңгейде қолдау мәселелері күн тәртібінде тұр. Бұл инфрақұрылым тек жарыстарды өткізу үшін емес, сонымен қатар, спорттық туризмді дамыту мен ішкі экономиканы әртараптандыру үшін де үлкен рөл атқарады.

Сонымен қатар, спортты маркетингпен, жарнамамен және цифрлық технологиялармен дұрыс ұштастыра білу – мемлекетке қосымша табыс әкеліп қана қоймай, жастардың спортқа қызығушылығын арттырады. Белсенді ұрпақ – бұл ел болашағының кепілі. Салауатты өмір салтына бейімделген жастар – мықты әрі әлеуеті зор қоғамның негізі.

Сондықтан кәсіби спортты жүйелі дамыту, оны бизнес-индустрия ретінде қарастыру – Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына, халықаралық беделінің артуына және ішкі тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам. Бұл бағытта мемлекет қана емес, жеке сектор, демеушілер мен қоғам да белсенді атсалысуы қажет.

 

Ерболат МАХАШОВ,

Аққыстау ауылдық округінің әкімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT