СПОРТ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

Жұма күні  спорт күні мерекесіне орай аудан әкімі спортшылар мен жаттықтырушыларды қабылдап, мерекемен құттықтады. Сондай-ақ бұл жиынға ата-аналар да қатысты. Мерекелік шара барысында аймағымыздың атын республика көлемінде, әлем деңгейінде танытып жүрген бірқатар жас спортшыларымыз облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының және аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.

Аталмыш шарада аудан әкімі Полымбет Хасанов құттықтау сөз сөйледі.

– Сіздерді жыл сайын тамыз айының үшінші жексенбісінде тойланатын спорт күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – спортты жанына серік етіп, онымен беріле шұғылданатындардың, салауатты өмір салтын берік ұстанғандардың мерекесі. Спортшылардың шеберлігі мен кәсіби деңгейін жоғарылату мақсатында аудан спортшылары облыстық, республикалық, тіпті әлемдік біріншіліктерге тұрақты қатысуда. Сондықтан да бұқаралық спорт- әрбір адамның өміріне етене серік болады деп және , Сіздер  аудан намысын лайым биікке көтереді деп сенемін. Елдің мерейін асырып, абыройын тасытатын спортшыларымыз көбейе берсін, – деді ол.

Кездесуде, сондай-ақ, аудандық мәслихат төрағасы Нұрым Мусин де атаулы мерекеге орай құттықтау сөз сөйлеп, талай байрақты бәсекелер мен додаларда жетістіктерге жеткен спортшылар мен жаттықтырушыларға өз атынан алғыс хаттар табыстады. Ал «Барыс» балалар мен жасөспірімдер және денешынықтыру даярлық клубының  директоры Асхат Жұмабеков спорт саңлақтарының Қазақстан чемпионаты мен әлемдік додаларды бағындырып жүргендігін тілге тиек ете келіп, ынталандыру, жігерлендіру мақсатында қаржылай сертификаттар тарту етті.

                                                                                                                                              

 

Сағыныш САЙЛАУБАЙ

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521