Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылғандай, бұқаралық спортты дамыту мен кәсіби спортты қолдау мәселелері қазіргі таңда өте өзекті. Шын мәнінде, аймақтарда жаңа спорт нысандарының бой көтеруі, балалар мен жастар үшін үйірмелердің қолжетімді бола бастауы – маңызды қадам. Ерекше қажеттілігі бар азаматтарға және егде жастағы адамдарға арналған спорт клубтарының ашылуы да әлеуметтік тұрғыдан үлкен серпін береді.
Кәсіби спорт саласында да оң өзгерістер байқалады. Шетелдік спортшыларға бюджеттен қаржы бөлуді шектеу және футбол клубтарын жекешелендіру – бұл саланы тұрақты дамытуға бағытталған тиімді шаралар. Ел кәсіпкерлерінің төрт футбол клубына ие болып, клубтар жекеменшікке өтуі – кәсіби футболды коммерциялық тұрғыда дамытудың нақты қадамы.
Дегенмен, айтылғандай, футболды коммерцияландыру мен кәсіби спортты бизнес-индустрия ретінде қарастыруды жалғастыру маңызды. Бұл қадамсыз Қазақстанда кәсіби спорттың деңгейі әлемдік стандарттарға сәйкес өсуі қиын болатыны анық.
Жалпы, бастамалар спорт саласын тек дамытумен шектелмей, экономикалық тұрғыдан да тиімді етуге бағытталғаны қуантады. Мұндай саясат еліміздің спорттық имиджін көтеріп, жас спортшылардың дамуына жаңа мүмкіндіктер ашады.
Асланбек Аронұлы
Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары,
спорт жанашыры