«Сұрақ-жауап» айдары жалғасуда

Халық көкейіндегі сан сауалға жауап беруді көздейтін «Сұрақ-жауап» айдарының бұл жолғы қонағы - «Азаматтарға арналған үкімет» КЕ АҚ Атырау облыстық филиалы директорының орынбасары Дастан Жарлыкасымов.


 
1-сұрақ: Жер учаскесін электронды түрде алуды қысқаша түсіндірсеңіз?
Жауап: - Жер учаскесін алуға өтініш беру үшін алдымен «Электрондық үкімет» порталында жеке электрондық кілт арқылы өтініш беріледі. «Жария кадастрлық карта» сайтына кіру арқылы өтініштің тіркелгенін, яғни  кезек нөмірін көруге болады. Өтініш жергілікті атқарушы органға түскеннен кейін, жердің жоспары дайындалып, монополиялық ұйымдармен келісіліп шешім шығады.Содан кейін, жер учаскесіне кадастрлық паспорт жасақталады.
 
2-сұрақ: 2023 жылдың қазан айынын бері қанша адам жер учаскесін онлайн алу туралы өтініш білдірді?
Жауап: «БМЖМК» АҚ-ғы мәліметке сәйкес, 1000-нан аса адам өтініш білдірген.
 
3-сұрақ: Тұрғын үй құрылысын аяқтағаннан кейін жылжымайтын мүлікке кадастрлық төлқұжат алу қажет пе?
Жауап: Тұрғын үй құрылысы аяқталғаннан кейін құқық иесі «мүлікті өз бетінше қабылдау актісін жасайды және «БМЖМК» АҚ-не енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтініш береді. Құқық белгілеуші құжатта қамтылған сәйкестендіру және техникалық мәліметтердің жаңадан құрылған жылжымайтын мүліктің техникалық алшақтықтарын анықтау және белгілеу мақсатында құқық иесі тіркеуші органға осындай кадастрлық паспорт жасақтауға өтініш беруге құқылы, оның нәтижелері бойынша уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша қорытынды ресімделеді. 
Алшақтықтарды анықтау жүргізілген мемлекеттік техникалық тексеру қорытындысы бойынша жүргізіледі.
 
​4-сұрақ: Құқық иесі өзгерген кезде кадастрлық паспортты ауыстыру қажет пе?
​Жауап: Жылжымайтын мүліктің иесі ауысқан кезде құжатты ауыстыру талап етілмейді, жылжымайтын мүліктің кадастрлық паспорты заңды күшін сақтайды, өйткені ол негізгі немесе қосалқы объектінің техникалық және сәйкестендіру сипаттамаларын қамтитын құжат болып табылады
 
​5-сұрақ: Жылжымайтын мүлікке кадастрлық паспортты дайындау қанша уақытты алады?
Жауап: Жылжымайтын мүлік объектілерінің кадастрлық паспортын және жылжымайтын мүлік объектісінің түріне байланысты жаңадан құрылған жылжымайтын мүлік объектісіне жүргізілген мемлекеттік техникалық тексеру қорытындылары бойынша сәйкестендіру және техникалық мәліметтердің алшақтығын белгілеу туралы қорытындыны беру:
1) пәтерлер, жатақханалардағы бөлмелер үшінші жұмыс күніне беріледі;
2) жеке тұрғын үйлер, жеке гараждар, саяжай құрылыстары бесінші жұмыс күніне беріледі;
3) жалпы ауданы 1000 шаршы метрге дейінгі қалған жылжымайтын мүлік объектілері жетінші жұмыс күні беріледі;
4) жалпы ауданы 1000 шаршы метрден асатын объектілер оныншы жұмыс күніне беріледі;
5) бірінші күрделілік санатына жататын осы тармақшаның екі және үш абзацтарында көрсетілген жылжымайтын мүлік объектілерін қоспағанда, жылжымайтын мүлік объектілері бесінші жұмыс күні беріледі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT