Сүт өнімдеріне субсидия беріледі

 

Сүт өңдеуші кәсіпорынға немесе цехқа өткізілген (сатылған) сиыр, бие, түйе сүтінің өндіру құнын арзандатуға субсидиялар беріледі.ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы №108 бұйрығымен бекітілген «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау» қағидаларына (бұдан әрі – Қағида) сәйкес шаруашылықтар сүт өңдеуші кәсіпорынға немесе цехқа өткізген (сатқан) сиыр, бие, түйе сүтінің өндіру құнын арзандатуға субсидиялар алуға өтінім бере алады.

 Субсидияға өтінім subsidy.plem.kz ақпараттық жүйесі арқылы Қағиданың 6-нысаны бойынша ағымдағы жылдың 20 қаңтарынан 20 желтоқсанына дейін (қоса алғанда) (өтінім сатылған өнім үшін төлемді алған күннен бастап алты ай ішінде беріледі.

Субсидия нормативі (1 килограммға):                                                                                                                                                                                                                                                                          600 бастан басталатын бағымдағы сүтті және сүтті-етті бағыттағы сиырлары бар шаруашылықтарға – 45 теңге; 
400 бастан басталатын бағымдағы сиырлары бар шаруашылықтарға – 30 теңге;
Саны 50 бастан басталатын бағымдағы сиырлары бар шаруашылықтар мен Ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативіне – 20 теңге;
- Бие сүтіне – 60 теңге және түйе сүтіне – 190 теңге.


Қажетті негізгі құжаттар:
- Шаруашылықтың және сүт өңдеуші кәсіпорын немесе цехтың есепке алу нөмірінің болуы;
- Шаруашылықтың ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесінің болуы (бұл өлшемшарт тек жеке қосалқы шаруашылықтардан құрылған ауыл шаруашылығы кооперативтеріне қолданылмайды);
- Сүт өңдеуші кәсіпорынға немесе цехқа өткізген (сатқан) кезде электронды шот-фактураның болуы; 
- Есеп шотына ақшаның келіп түсу фактісін растайтын құжаттардың электрондық көшірмесі: бақылау-касса аппараттарының кіріс кассалық ордері мен чектері немесе төлем тапсырмасы немесе банктік үзінді-көшірме (осы құжаттардың бірі болу керек);
- Өнімнің орнын ауыстыруға арналған тауарлық-көліктік жүкқұжаттары (накладная) тізілімінің электрондық көшірмесі;
- Егер шаруашылық өнімді өзінің өңдеуші кәсіпорындарына немесе цехтарына тапсырған жағдайда төлем құжаттар ұсынылмайды және бұл жағдайда тек өнімнің орнын ауыстыруға арналған тауарлық-көліктік жүкқұжаттары тізілімінің электрондық көшірмесі ұсынылады.


Қойылатын талаптар мен өлшемшарттар:
- АЖБ (ИСЖ) -да асыл тұқымды сиырлар үшін  кемінде 23 айдан басталатын, тауарлық сиырлар үшін 28 айдан басталатын кемінде 50 бас бағымдағы аналық бастың тіркелген болуы. 
- Есепке алу нөмірі бар сүт өңдеу кәсіпорнына немесе сүт өңдеу цехына сүтті сату.
- Аккредиттелген зертханаларда жасалған соматикалық жасушаларды анықтау үшін әрбір сауын сиыр сүтінің сынамаларын ай сайынғы зерттеу нәтижелерінің САТЖАҚ (ИАС) -да болуы. 
- Осы Қағиданың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тауарлық сүт фермасына арнайы комиссияның оң қорытындысының болуы;
- Өтінім беру сәтінде кооператив мүшелерінің ірі қара малдарының жасы 28 айдан басталатын аналық басының АЖБ (ИСЖ) -да тіркелген болуы.
- Дайындалған сүтті есепке алу нөмірі бар сүт өңдеу кәсіпорнына өткізу қажет.
- Түйе және жылқы шаруашылықтарында өтінім берілген сәтте АЖБ (ИСЖ) -да 3 жастан асқан кемінде 30 бас аналық малдың тіркелген болуы;
- Түйе сүтінің жылдық өндіріс көлемі сауылатын түйенің 1 басына 1500 килограмнан және бие сүтінің жылдық өндіріс көлемі сауылатын биенің 1 басына 750 килограмнан аспауы тиіс. 

 

Атырау облысы Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT