«Ұстаз жолы - өнеге». Тағылымды шара Жеміс апайға арналды

Исатай орта мектебінің «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімі Жеміс Молдашқызы - шәкірттерінің жүрегіне жол тауып, өмірін ұстаздыққа арнаған абзал жандардың бірі.

Жақында аталған білім ордасында «Ұстаз жолы - өнеге» тақырыбындағы тағылымды іс-шара Ж.Молдашқызына арналды. «Өзін-өзі тану» пәнінен өткен республикалық олимпиадада шәкірттері үш дүркін жеңімпаз атанған ұлағатты ұстазды жас әріптестері ыстық ықыласпен қарсы алды. Өнегелі жанның еңбек жолын үлгі тұтқан ұжым білікті маманның бала тәрбиелеудегі тәжірибесімен танысты.

g

Кештің алғашқы бөліміндегі “Сыр-сұхбат” айдарымен жүргізілген бағдарламада кеш кейіпкері ұстаздық жолдан түйген өз ойларын ортаға салса, “Ізденіс шыңы – шығармашылық” атты көрмеде көп жылғы ұстаздық еңбегінің жемісімен таныстырды. Ұстаз сондай-ақ “Бала бақыты” шеберлік сыныбында бала тәрбиесіндегі ерекшеліктерге баса назар аударды.

i

Өмір жолын ұстаздықпен ұштастырып отырған бүгінгі жастар үшін бұл кездесу өте маңызды болды. Ізіне ерген шәкірттерінен ізеттілігін аямаған, ұрпағына ұлылығын ұялатып, «Өзін-өзі тану» пәнінің берілуіне зор үлес қосып, біліктілігімен, кәсіби шеберлігімен дараланған ұлағатты ұстаз Жеміс Молдашқызының ұстаздық жолы - жас ұстаздарға өнеге.

Кеш соңында мектеп басшысы Светлана Халиоллақызы ұлағатты ұстаздың бойындағы басқалар қызығарлық тамаша қасиеттеріне тоқтала отырып, Жеміс Молдашқызының алған асулары мен жеткен жетістіктері тынымсыз тер төккен еңбегінің нәтижесі екендігіне тереңірек тоқталды.

Айгүл АДИЛОВА,

Исатай орта мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары

Исатай ауылы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521