Ұстаздардың ұстазы: Зинетолла Қарабалин ұрпақтарымен кездесу өтті

Қамысқала  ауылдық округіне қарасты Мәдениет үйінде еңбек жолын шәкірт тәрбиелеуден бастаған, қадірлі ұстазға арналған «Ұстаздардың ұстазы» атты танымдық шара өтті.

Ол бұрынғы Амангелді қазіргі Ғ.Мәсәлімов атындағы орта мектепте мұғалім, мектеп директорының орынбасары болды.Кейін арада бірнеше жылдар өткен соң, Амангелді  атындағы орта мектептің директоры қызметін атқарды. Төрт рет ауылдық Советтің депутаты болып сайланады. 13 рет республикалық педагогикалық оқуларға қатысып, жүлделі орындарға ие болып, "Методист -мұғалім" деген атақ берілген. Оқу-ағарту саласындағы еңбек ардагері, Қазақ ССР-ның халық ағарту ісінің үздігі, аяулы ұстаз, жерлесіміз Зинетолла Қарабалин еді.

c254afbe-0cd5-4190-9668-e6aadb3a7cb0
Биылғы жылы
ұстаздардың ұстазы бола білген ағайымыз тірі болса 90 жылдығын тойлар еді. Осы орайда Х.Ерғалиев атындағы музейі, ауылдық кітапханасы және Қамысқала мәдениет үйі бірлесіп, ұлағатты ұстаздың ұрпақтарымен кездесу шарасы өткізді. Шарада ауыл әкімі Рафиғат Тажиденова мен ауыл  ардагерлерінің кеңесінің төрағасы Бекболат Мусин сөз алып "Жақсының аты,ғалымның хаты өлмейді» деген нақыл сөзді тілге тиек етіп,ел сыйлайтын ауылдың құрметті азаматы жөніндетебіреніспен әңгіме айтты. Бұл  тағылымдық шарада ұстаздың өмір жолы мен қызметінің ерекшелігі, болашақ ұрпаққа берген білімі мен тәлімі туралы, жеткен жетістіктерін насихаттап, еске алды Тіпті ұлағатты ұстазбен бірге ұзақ жылдай қызмет еткен замандастары қатысып,жылы естеліктерін еске түсіріп, ой өрбітті. Соның  бірі Тоқтарбай Қалымұлы сол кездегі тарихтан толғана сыр шертті.

8bff35ca-be03-4970-8909-f33eff21a79b

«Ол кісінің алдынан шәкірт болып дәріс алып, одан кейін әріптес болып бірге біте қайнасып қызмет атқардық.Ол өте ыссы, әрі талапшыл мұғалім болды. Кезінде «Юныйтехник» үйірмесін ашып, АНПЗ-ның жұмыс жасау схемасын сызып, аудан, облыс көлемінде жеңімпаз болды.Мектеп осы «Юный техник» үйірмесі арқылы облысқа таныла бастады», -деп сағынышқа толы естеліктен бөлісті.

Келесі кезекте сахна төріне Карабалиннің ұрпақтары "әкенің сара жолы - балаға қырық жыл азық" екенін ерекше толғаныспен жеткізіп, әке есімін, ұстаз есімін құрметтегендері үшін  ұйымдастырған  ұжымдастарға алғыстарын айтты. Шара соңында ұйымдастырушы алқа тобы ұстаздың ұрпақтарын Алғыс хатпен марапаттап және сый-сияпаттар табыстады. 

Сағыныш ҚАЙЫР

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521