ҰСТАЗДАРЫМЫЗ ТАЛАНТТЫ, ОҚУШЫЛАРЫМЫЗ ДАРЫНДЫ мектептеріміз де үздік атанды

Атырау облысы Білім беру басқармасының Таланттарды анықтау және қолдау орталығының ұйымдастыруымен өткен «ИДЕЯ. МОТИВАЦИЯ. ЖЕТІСТІК» тақырыбындағы облыстық тамыз конференциясында облыстың «Үздік 20 мектебі», «Талантты ұстаз» бен «Дарынды оқушылары» анықталды.

Аталған номинациялармен марапатталушылар арасында Исатай аудандық білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдары мен педагогтары және оқушылары да болды. Атап айтқанда, «Дарынды оқушы-2024» номинациясымен және облыс көлемінде ауыл мектептері оқушылары арасында ҰБТ-ден жоғары 136 балл жинағаны үшін арнайы сыйлықпен Өркен орта мектебінің түлегі Қапсихқызы Дильназ марапатталды.

Сонымен қатар, «Дарынды оқушы-2024» номинациясын облыс бойынша иеленген 20 оқушының бірі болып Х.Наубетов атындағы орта мектептің 6-сынып оқушысы, республикалық «Зерде» ғылыми жобалар байқауының жеңімпазы Талапкер Нұрсая танылды.

Облыстың дарынды оқушыларын тәрбиелеп, білімін ұштап жүрген 20 талантты ұстаздың қатарында Өркен орта мектебінің қазақ тілі пәні мұғалімі Салихова Анаргүл Жұмажанқызы мен Х.Наубетов атындағы орта мектептің география пәні мұғалімі Ерғалиева Нұрбике Темірешқызы төс белгілер иеленді.

«Үздік мектеп-2024» номинациясымен Аққыстау және Өркен орта мектептері де марапатталды.

 

Айнұр ЕРҒАЛИЕВА,

аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT