Ұстаздық ғұмыр өткен ордада – жауапты таңдау

Абай орта мектебінде орналасқан №134 сайлау учаскесінде зейнеткер, дене шынықтыру пәнінің ардагер мұғалімі Қуаныш Ибрагимов өз таңдауын жасап, дауыс берді,-деп хабарлайды "Нарын таңы" газеті.

Ұзақ жылдар бойы осы білім ордасында ұстаздық еткен Қуаныш ағай үшін бұл мектеп – жай ғана ғимарат емес, өмірінің бір бөлшегі. Бүгінгі сайлау сол сүйікті ордада өтіп жатқанына ерекше қуанды.

– Бұл сайлау – ел болашағы үшін маңызды қадам. Әр азамат өз дауысын беріп, жауапкершілікті сезінуі тиіс. Зейнеткер болсақ та, еліміздің ертеңіне бейжай қарауға қақымыз жоқ,-деді ардагер ұстаз.

Айта кетейік, №134 сайлау учаскесінде 1330 сайлаушы тіркелген. Оның ішінде зейнеткерлер мен мүгедектігі бар азаматтар үшін барлық жағдай жасалған. Ал үш адам үйден дауыс беруге өтініш берген.

Ауыл әкіміне үміткер үш кандидаттың арасынан тұрғындар өз таңдауын кешкі сағат 20:00-ге дейін жасайды. Бұл шешім ауылдың алдағы даму бағытын айқындайтын маңызды қадам болмақ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT