«STOP қылмыс». Исатайлық жастар - жемқорлыққа қарсы

Исатай аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен ашық аспан аясында аудан жастарының қатысуымен «STOP қылмыс» атты сурет байқауы өткізілді.

Аудан жастары арасында жемқорлыққа төзбеушілікті насихаттау, жастардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсат етілген бұл байқауға 6 жас суретшісі қатысып, бақтарын сынады.

Байқау шартында әр қатысушыға тақырыпқа сай идеясын қылқалам арқылы жеткізу міндет болды. Аққыстау ауылындағы «Қазақ елі» мәдени-демалыс саябағындағы сурет сайысы аудан жастарына ойлау қабілеті мен шығармашылық қырын арттыруға, шеберлігін шыңдауға мүмкіндік туғызды.

Сайыс нәтижесінде Нәзерке Жұмағалиева 1 орын иеленсе, Айсана Қуаталиева 2 орынды еншіледі,. Ал, үшінші орын Дана Кимранға бұйырды. Жүлдегерлер арнайы сыйлықтармен, дипломдармен марапатталды. Гүлмира Ғарфифуллаева, Нұррахман Фархатұлы, Мағжан Қуандық секілді қатысушыларға алғыс хаттар табыс етілді. Естеріңізге сала кетейік, бұл сайыс былтыр да өз деңгейінде өткен болатын.

- Жемқорлықпен күресу - әр адамның парызы. Алдағы күндерде де осындай байқауларды жастар арасында кеңінен өткізіп отыру ойда бар, - дейді аудандық жастар ресурстық орталығының маманы Еркебұлан Зинеденов.

Әділбек СЫРЫМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521