Стратегиялық әлеует – елдің әлемдік беделін арттырудың кілті

 

Президенттің Жолдауында атап өтілгендей, қазіргі жаһандық үдерістер әлемдік нарықтағы басымдықтарды түбегейлі өзгертіп отыр. Әсіресе сирек кездесетін металдар мен ерекше қажет материалдардың маңызы артып, олардың стратегиялық мәні барған сайын айқын болуда. Бұл ресурстар жаңа технологиялар мен цифрлық шешімдердің негізгі құрамдас бөлігі саналады: жасанды интеллект, робототехника, электр көліктері, жаңартылатын энергия көздері мен телекоммуникация саласында олардың маңызы ерекше.

Қазақстан үшін осы салада берік орын алу – әлемдік өндірістер мен сауда-саттықтың жаңа желісіне батыл енуге мүмкіндік береді. Елде бар табиғи әлеуетті тиімді пайдалану арқылы біз тек шикізат экспортымен шектелмей, жоғары қосылған құнға ие өнімдер өндірісін жолға қоя аламыз. Мысалы, хром, никель, литий, мыс сияқты стратегиялық металлдарды өңдеу және олардан дайын өнім шығару арқылы шетелдік инвесторларды тартуға, жаңа технологиялық өндірістер құруға болады.

Бұл бағыттағы жұмыстар экономиканы әртараптандыруға, өңірлерде жаңа жұмыс орындарын ашуға және әлеуметтік тұрақтылықты күшейтуге септігін тигізеді. Сонымен қатар, Қазақстанның халықаралық аренадағы беделі артып, стратегиялық серіктестік пен экспорттық мүмкіндіктер кеңейеді. Президент атап өткендей, еліміздің толық мүмкіндігі бар, енді оны тиімді іске асырып, нақты нәтижелерге қол жеткізу басты міндет болып отыр. Бұл – елдің дамуының жаңа кезеңі, ал әрбір шешім мен бастама ұзақ мерзімді стратегиялық жоспарға сәйкес жүргізілуі тиіс.

 

Ерлан МАХСОТОВ,
Жанбай ауылдық округінің әкімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT