СТРАТЕГИЯЛЫҚ ШЕШІМДЕР ІСКЕ АСУЫМЕН МАҢЫЗДЫ

Үкіметтің кеңейтілген отырысында қойылған міндеттер мен олардың орындалу барысын талдауға бағытталған өте өзекті тақырып қозғалды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы басты бағыттарды нақтылап көрсетуі – стратегиялық шешімдерді іске асырудағы маңызды қадам. Алайда, әрбір міндеттің орындалу деңгейін тексеру – халық пен мемлекеттің дамуындағы нақты нәтижелерді көру үшін қажет.

10 міндеттің кейбірінде алға жылжу байқалса, кейбірінде артта қалушылық орын алғаны өкінішті. Мұндай мәселелерді тек талдау ғана емес, олардың себептерін анықтау және болашақта тиімді жолдарын қарастыру – басты міндеттердің бірі болуы тиіс. Себебі, халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған бұл шаралар тек сандық көрсеткіштермен шектелмей, сапалық тұрғыдан да оң нәтиже беруі қажет деп санаймын. Барлық бағытта кешенді және нәтижеге бағытталған жұмыстың жүзеге асуы – еліміздің тұрақты даму кепілі.

Сонымен қатар, отырыста 2024-2029 жылдарға арналған жасанды интеллектті (ЖИ) дамыту тұжырымдамасының бекітілуі мен ЖИ туралы заң жобасының әзірленгені ерекше атап өтілді. Бұл қадам Қазақстанның технологиялық дамуында жаңа белестерді бағындыруға бағытталғанын көрсетеді. Жасанды интеллектті дамыту тек экономиканың цифрлық трансформациясын жеделдетіп қана қоймай, елдің ғаламдық деңгейдегі технологиялық көшбасшылыққа ұмтылуына ықпал етпек.


Гүлфариза Калидуллина,
аудандық білім бөліміне қарасты  мектеп-гимназия директорының инновациялық жұмыстар жөніндегі орынбасары, Ы.Алтынсарин төсбелгісінің иегері, «педагог-шебер»

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

AQPARATPRINT