Студенттер кездесуде ҰБТ-ге дайындалудың сырын ашты

Абай атындағы орта мектепте білім ордасын 2018-2019 оқу жылында тамамдаған түлектер биылғы мектеп бітірушілермен кездесу кешін өткізді.

Кездесудің алғашқы бөлімінде, мектебіміздің Алтын белгі иегері болған, бүгінде Алматыдағы Сулейман Демирел Университетінің І курс студенті Ақерке Рамазанова қазіргі уақытта өзі білім алып жатқан оқу орнына оқушыларды оқуға шақырып, кәсіптік бағыт беріп шықты.

Ал кездесудің екінші бөлімі бейресми жағдайда, еркін форматта өтті. Онда алдымен сөз алған мектеп директорының міндетін атқарушы Қ.Ғайнеденұлы ертеңгі түлектері сәттілік тілеп, студенттерге алғысын білдірді. Сонымен қатар Сулейман Демирел университеті басшылығының үздік студенттер қатарынан көрініп жүрген грант иегері Ақерке Рамазанова турылы айта келіп «білімге деген құштарлығы мен тәрбиесінде сіздің және ұжымыңыздың салмақты үлесіне, еңбектеріңізге алғыс айтамыз» деген мәтіндегі Алғыс хаты мектеп басшысына табысталды. Бұл оқушылардың қызығушылығын оятып, екі арадағы әңгіменің одан әрі әдемі өрбуіне ықпал етті.

Бұл кеште М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университетінің студенттері - "Үздік куәлік" иегері Арал Самал және Ақмарал Бекжанованың былтырғы оқу жылында ҰБТ-ге қалай дайындалғандары жөнінде өз тәжірибелерімен бөлісуі оқушылардың ынтасын оятты. Олар келтірген қызықты фактілер мен мәліметтер оқушыларды бейжай қалдырмады. Өз алдарына мақсат қойып, ізденіспен дайындалса, жоғары ұпай жинап, грант иегері атану мүмкіндігі құр қиял емес екендігіне көздері жете түсті. Кездесуге келе алмаған студенттер болса, тікелей эфир арқылы онлайн түрінде кеңестер беріп, ҰБТ-ге дайындалу үшін әлеуметтік желілердің сілтемелерімен бөлісті.

Кездесу барысында ертеңгі түлектерді жігерлендіру мақсатында түрлі презентациялар көрсетіліп, ойындар, тренингтер жүргізілді.

Иә, студенттердің өз тәжірибелерімен бөлісуі оқушылардың қызығушылығын арттырып, армандарын ұштай түскен шараның маңызы зор болды.

Назерке ИСИМОВА,

Абай атындағы орта мектептің 11 сынып оқушысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521