Аудандық әкімдікте аудан әкімі аппаратының басшысы Дархан Ғұмаровтың төрағалығымен су тасқынының алдын алуға байланысты мәжіліс өткізілді. Мақсаты - көктемгі маусымға дайындықты пысықтау. Төтенше жағдайлар бөлімі мен тиісті салалардан келген мамандар баяндама жасап, алдағы атқарылар жоспарларымен бөлісті.
Су тіршілік көзі. Десек те, тіршілік көзінің жылдың әр мезгілде өз арнасынан асып, таситыны жасырын емес. Ол үшін сала мамандары арнайы бөгеттер тұрғызып жатады әдетте. Мәселен, биылғы қыс мезгілінде су деңгейі қандай? Бөгеттердің жай күй қандай? Қандай ауылдарға қауіп бар деген сауалдар аудандық әкімдікте өткізілген мәжілісте талқыланды.
Исатай ауданында су тасқыны болуы ықтимал аумақ ол – Каспий теңізі жағалауы саналады. Осыған байланысты су таси қалған уақытта қамсыз отырмау үшін және тиісті салаларды дер кезінде жұмылдыру, төтенше жағдайларды болдырмау, халық арасында үрей мен қорқыныш тудырмау мәселелсі бойынша республикалық «Көктем - 2019» саптық оқу-жаттығу орны белгіленіп, аудан әкімімен бекітілген болатын. Жанбай ауылында 27 ақпан күні өткізілетін шараны пысықтаған жиын соңында аталған мәселелерге тыңғылықты дайындық жұмыстарын жүргізу, қамсыз отырмау жөнінде арнайы шешім қабылданды.
Еркебұлан ЗИНЕДЕНОВ