Субсидиямен электр стансысын алды

Исатай ауданында ауыл шаруашылығының барлық саласы бойынша алға басушылық бар.

Ауыл шаруашылығы министрінің асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларына сәйкес және шаруагерлерді қаржылай қолдау мақсатында 2019 жылдың қаңтар-қазан айларында 32 шаруашылыққа 27 621 500 теңге субсидия төленді.

Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 23 шілдедегі «Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» №317 бұйрығына сәйкес №4 "Жайылымдарды суландыру инфрақұрылымын құру және мал өсіруші шаруашылықтарды сумен қамтамасыз ету (құдықтар, ұңғымалар)" жобасының паспортында инвестициялық салымдардың 80% үлесін өтеу қарастырылған болатын. Осы бағытта шабындық, жайылым және егістік жерлері «Qoldau.kz» электронды ақпараттық жүйесіне енгізілген, жер телімдері рәсімделген шаруагерлерге аккумуляторлы батареясы, инверторы, контроллері бар, қуаты 3-4 кВт болатын күн панельдері, су көтеретін сорғы (насос/гном), электр стансысы (бензинді немесе дизелдік генератор) құрылғыларын алуда мемлекеттік қолдау көрсетілді.

Биылғы жылы аудан бойынша 61 шаруа қожалығы мемлекеттің субсидиялауы арқылы осы құрылғылармен қамтамасыз етілді. Алдағы жылы бұл жұмыстар жалғасын табады.

Ризабек ЖАҚСЫБАЕВ,

аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521