«Судың субсидиясы қайда?». Шаруагер неге өкпелі?

Бүгін Исатай ауданының әкімі Марат Мурзиев аудан бойынша былтырғы атқарылған жұмыстар жайында тұрғындар алдында есеп берді.

acim2019-es

Жиынға облыс әкімінің орынбасары Әлібек Нәутиев пен басқа да облыстық басқарма, аудандық бөлім басшылары қатысты.

Баяндамадан соң сауалын жолдаған қамысқалалық «Мүтиев» шаруа қожалығының жетекшісі Биғали Мүтиев суға берілуі қажет субсидия мәселесін көтерді.

mutiev-ss

- Каналдан су алатын 18 шаруа қожалық бар. Біз облыс әкімінің атына шілде айында хат жазған болатынбыз. Суға жасалған келісімшарт бойынша шығынның 25 пайызын шаруагерлер, ал, 75 пайызын мемлекет төлеуге тиісті еді. Олай болмай шықты. Осы жағдайды білмек болып жазған хатымызға біз жауап ала алмадық. Күні кеше соттан шешім алдық. Онда 75 пайыз субсидияның төленбей қалуына байланысты қалған бөлігін де өзімізге төлеуге тиіс екендігіміз айтылған. Ал, біз басында төленетін субсидияға үміттеніп едік. Сонда бұл қалай болды?

Тағы бір мәселе, қазір шаруагерлерге күннің райы көмектесіп тұр. Әйтпесе, алыс қырдағы малшыларға қатынау үшін қалың қарды кешіп бара алмайсыз. Ал, ауру-сырқауың бар, басқа да жағдайлар болады дегендей. Сол алыс елді мекендерге ұялы байланыс апару мәселесін қарастыруға бола ма? - деді шаруагер облыс әкімінің орынбасарынан осы түйткілді шешіп беруді өтініп.

zal-esep-20

Шаруагер жаз айларындағы жиі орын алатын дала өрті жайында және сол кездегі техникалық жетіспеушілікті де атап өтті. – Былтырғы дала өртінде, әсіресе Исатай ауылдық округіне қарасты жайылымда дала өрті біраз аймақты қамтыды. Әр жерден өрт сөндіру үшін адамдар жиналып, қолдан келгенше көмек қолын созды. Дегенмен, техниканың тапшылығы қолбайлау болды. Осыған байланысты аудандық төтенше жағдайлар бөліміне дала өртіне арнайы өрт сөндіру көлігін алдырса деген ұсынысым бар, - деді қамысқалалық шаруагер. - Біз бұған дейін бұрынғы ережемен жұмыс жасап келдік. Наурыз айынан бастап Ауыл шаруашылығы министрлігі суға төленетін субсидияның барлығын электрондық жүйеге аударып жіберді. Сол кезде жаңағы лиман деген сөздің орнына көпжылдық дақылдар деп жазған. Ал, Атырау облысындағы лимандарда ондай дақылдар егілмейді. Сол себепті сіздердің өтініштеріңіз өтпей қалды. Алдағы жылы қалай болады, бұл жайлы анықтап алып, толық ақпарат беретін боламыз, - деді облыс әкімнің орынбасары Әлібек Нәутиев шаруагердің сауалына қатысты.

cor-es-ac

Жаз айларындағы дала өрті кезінде көптеген қиындықтар болғанын растаған аудан әкімі оған аудандағы өрт сөндіру стансыларына техника бөлу жөнінде заңда қарастырылмағанын жеткізді. – Бірақ біздің ауданда еріктілер топтары бар. Олардың бәрі қолдан келгенше жұмылып қол ұштарын беруде. Ірі мекемелер де техникаларын жіберіп, көмектесіп жүр. Бірақ, айта кету керек, дала өртіне бюджет тарапынан техника бөлдіруге заң жоқ.

acim-cor-es

esep-acim-to

Аудан әкімі алыс елді мекендерге ұялы байланыс орнату мәселесіне қатысты да жауап берді. – Бұл мәселеде ірі ұялы операторлармен сөйлесіп көрдік. Жақын арада KCELL компаниясы осы мәселеге байланысты хат жолдаған болатын. Онда олар байланыс құрылғысын орнату үшін бір елді мекенде кемі 500 адам тұру қажет екендігі айтылған. Себебі оларға абоненттің аз болғаны тиімсіз. Сондықтан бұл түйткіл халық санының өсімімен тікелей байланысты болып отыр, - дейді Марат Мурзиев.

corme-esep

Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ

Суреттер: ӨКҚ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521