«Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» атты эстафеталық іс-шара өтті

«Нұршуақ» бөбекжай-бақшасында бақша қызметкерлері арасында «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» атты эстафеталық іс-шара өтті.

Мақсаты – салауатты өмір салтын ұстану, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, бір ортақ мақсатқа жұмыла кірісу, күш-қуат пен сергектікті дамыту. Шарада алдымен мемлекеттік Әнұран орындалып, бақша меңгерушісі Ж.Қапажанова қатысушыларға сәттілік тіледі. Бұдан кейін іс-шараға қатысушылар флешмоб билеу арқылы таза ауада дене жаттығуларын жасады. Төрт бөлімнен тұратын шараға «Зымыран», «NonStop», «Адалдық», «Сұңқар» топтары қатысты. Олар теннис ойнаудан, есеп шығарудан, стакандар, түстер сайысынан жарысқа түсті.

Нәтижесінде, бас жүлдені «Зымыран» тобы жеңіп алса, бірінші орынға «Адалдық» тобы, екінші орынға «Сұңқар» тобы, үшінші орынға «NonStop» тобы ие болды. Соңында бөбекжай-бақшаның шаруашылық жөніндегі меңгерушісі Зухра Сайфеденқызы ізгі тілегін білдіріп, ұжымдастарына бауырсақ пен көже ұсынды.

                                                                                                                                                                           

   Сануар ТЕМІРҚЫЗЫ,                    

 «Нұршуақ» бөбекжай-бақшасының дене тәрбиесі нұсқаушысы

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521