«Сыншымыз – халық». Ауыл әкімі зейнеткерлікке шықты

Кеше Исатай ауылының әкімі Ұлбосын Хисымды әріптестері мен ауылдастары зейнеткерлік демалысқа құрметпен шығарып салды.

Жиында аудан әкімі М.Мурзиев пен орынбасарлары, басқа да аудандық бөлім басшылары болды. Басқосуда ақжарма тілектер айтылып, алғыстар жауды. Өз міндетіне адал ауыл әкімінің атқарған қызметіне басшылар да, ауыл халқы да дән риза.

- «Уақыт - қатал, жастығымды ұрлайды» дегендей, үлкендер алдында кіші болсам да, өзімнен кейінгілерге - үлкен, зейнеткер жасқа келгенімді сезбей де қалыппын, - дейді Ұлбосын Қабиболлақызы. - Ең алдымен еңбек еткен жылдарымда адал қызмет, әділ шешім, әдептілік, қарапайымдылық және адамгершілік қасиеттерді басты мақсат тұттым. Отаншылдық рухта, халқына адал, мемлекетке қалтқысыз қызмет ету, ол әр перзенттің парызы деп білемін. Мемлекеттік қызметте болудың міндеті зор екендігіне көзім толық жетті. Кез келген мемлекеттік қызметшінің сыншысы, айнасы – халық. Жалпы білім саласында 37 жыл, мемлекеттік қызмет саласында 6 жыл, барлығы 43 жыл еңбек еткен екенмін, - дейді ауыл әкімі Ұлбосын Қабиболлақызы.

y

- Осы 6 жыл ішінде Ұлбосын Қабиболлақызы халықпен қоян-қолтық жұмыс жасады. Ауылымыз Нарын құмының төсінде, бұйрат-бұйрат төбелер мен биік-биік ақ шағылдар арасында орналасқан. Дейтұрғанмен біздің көшпелі осы сусыған құмымыз, теміржолды, үйлерді басып қиыншылықтар әкеледі. Іскерлігің мен кәсіби біліктілігің, мәдениеттілік пен адамгершілігің өзіңе ғана тән басқа асыл қасиеттерің жастарға үлгі боларлық, - деді ауыл ардагері Айдолла Нұрсапин.

y

Ал, ауыл ардагері Қадыр Көпбергенов 2018 жыл үйінің қасындағы қорасы өртеніп кеткенде мүмкіндігіне қарай көмек жасалып, тазарту жұмыстары жүргізілгендігін айтады. - Өрт - тілсіз жау. Осындай жағдайлар кезінде біркісідей қызмет көрсеткен ерікті өрт сөндірушілерге және Ұлбосын Қабиболлақызына үлкен алғысымды білдіремін, - деді ол.

- Елбасы өз Жарлығымен 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялауының да үлкен мәні бар деп ойлаймын. Мен, 2018 жылдың мамыр айынан бастап округ әкім аппаратына нұсқаушы-әдіскер штаты беріліп жұмысқа орналастым, - дейді жас маман Нұрлан Пауеденов. - Келген кезде үй мәселесінен қиналып қалам ба деген күмән болған. Алайда, округтің есебіндегі қызметтік пәтер берілді. Берілген пәтер талапқа сай, барлық жағдайы жасалған. Аудандық жарыстар мен спорттық шаралардың барлығына ауыл жастарын ұйымдастырып, қатысып, түрлі дәрежедегі марапаттарға ие болдық. Күні кеше ауыл әкімінің кубогі де ұйымшылдықпен өтті.

y

Осындай шаралардың барлығында өз дәрежесінде талап сай өтуіне, біздің әкіміміз Ұлбосын Қабиболлақызының ұйымдастырушылық шеберлігімен, жоғарғы белсенділігін көреміз. Жастарды осындай еңбекқорлыққа тәрбиелеп, жас мамандарды тұрақтандыруға мүмкіндік жасаған ауыл әкімі Ұлбосын Қабиболлақызына шын ризамыз, - дейді Нұрлан Пауеденов.

Айнұр ӘЖІҒАЛИЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521