«Сырғалым» клубы жұмысын бастады

Мәжіліс депутаты Бақытгүл Қайыржанқызы Исатай ауданында болған сапарында жастар ресурстық орталығы ғимаратында жастармен де кездесті.

Алдымен орталықтың жұмысымен танысып, оған оң бағасын берді. Жастар жылына орай ұйымдастырылған "Отбасым - байлығым" жобасы аясында құрылған "Сырғалым" қыздар клубының ашылуына қатысып, ауданымыздың медицина саласының ардагері, үлкен қажылық сапарда болған Жұпар Саламатқызымен бірге арнайы бөлінген кабинеттің лентасын қиды. Қыздар клубының жұмысы, мақсаты туралы сұраған депутат, қыздардың қолдарымен дайындалған суреттер мен қолөнер бұйымдарымен де танысты.

sirgalim-jas

Жастармен еркін форматта әңгімелескен халық қалаулысы жетістікке жету жолдарын, өзінің еңбек жолы туралы айтып өтті. Ең бастысы жастарға еңбек ету керектігін баса айтқан ол, болашақта ауданымыздың жастарын жоғары жетістіктерімен көргісі келетінін жеткізді. Жастар да өздерінің ұсыныстарын, сұрақтарын қойды.

Аяпберген САЛИХОВ

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян жаңалығы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21