“Түнгі қаладағы балалар” жедел профилактикалық іс-шарасы өтуде

25-28 қаңтар күндері аралығында Исатай ауданы көлемінде Қазақстан Республикасы ІІМ-нің нұсқауына сәйкес «Түнгі қаладағы балалар» жедел-профилактикалық алдын алу іс-шарасы өткізіледі.

Мақсат – кәмелетке толмағандардың арасында қылмыстың алдын алу және болдырмау, оларға алкогольдi iшiмдiктер мен темекі өнімдерін сатуды, түнгі уақытта кәмелетке толмағандарлардың заңды өкілдерінсіз ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуын сонымен қатар, суық қаруды еркін алып жүруін болдырмау.

Іс-шара барысында жасөспірімдер мен жастар арасында қару-жарақ пен үшкір-кесу заттарын алып жүру фактілерін анықтау, қоғамдық тәртіпті топтық бұзудың ықтимал жолын кесу үшін қоғамдық орындарда және көшелерде түнгі рейдтік жұмыстар жүргізіледі.

 

 

сурет: ашық дереккөз

Исатай аудандық полиция бөлімі

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521