Түнгі рейд кезінде

Өткен аптада ауданымызда «Студент» жедел алдын алу шарасы өткізілді.

Оған аудандық ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция қызметі мен криминалдық полиция бөлімшесінен, «Нұр Отан» партиясынан, білім беру саласы, аудандық прокуратурадан, денсаулық сақтау бөлімдерінен 23 қызметкер қатысты. Аталмыш шара кезінде жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен бірігіп, ауданның барлық ауылдық округтерінде рейдтік шара жүргізілді.

Рейд барысында бөлімге 17 жасөспірім жеткізіліп, оның 15-і әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ түнгі сағат 22:00-ден кейін тұрғын жайдан тыс жерлерде жүргені үшін бөлімге 8 жасөспірім әкелініп, олардың ата-аналарына қатысты ҚР-сы ӘҚБтК-нің 442-бабы 2-бөлімімен хаттама жасақталып, ескерту берілді. Сол күні аудан орталығында орналасқан барлық меншік нысандары, мейрамханалар, кафе-барлар, букмекерлік кеңселерге тексеру жүргізілді. Тексеру кезінде Аққыстау ауылы, Елорда көшесінің бойындағы «Бегайдар» ғимаратында орналасқан «Аспаз» кафесінде заңды өкілдерінің бірге жүруінсіз 3 жасөспірім анықталып, олардың ата-аналарына ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабының 1-бөлімімен 3607 теңге көлемінде айыппұл салынды.

ҚР ӘҚБтК-нің 435-бабымен 4 жасөспірімге ұсақ бұзақылық жасағаны үшін, ҚР ӘҚБтК-нің 132-бабы 1-бөлімімен кәмелетке толмағандардың түнгі мезгіл уақытта ойын-сауық мекемесінде жүргені үшін 1 азаматқа, ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабының 1-бөлімімен «Жайсыз отбасы» есебінде тұрған 1 азаматқа қатысты іс-құжаттар хаттама толтырылып, Атырау облыстық кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданды. Жедел шара кезінде бөлімнің профилактикалық есебіне 2 мезгіл жасөспірім, тізімдік есебіне 1 жасөспірім, «Жайсыз отбасы» есебіне 1 отбасы есепке алынды.

Айгерім ЖОЛЫМБЕТОВА,

АПБ ЮП инспекторы,

полиция аға лейтенанты

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521