Төребегін еске алады ауылы

Таланттардың талбесігі саналатын өңірімізде әнші, сазгер Төребек Шәріповтің есімін білмейтіндер кем де кем.

Өмірден өзі өтсе де, артына өшпес із қалдырған өнерпаздың талғамды әндерін ауданымызда айтушылар да, сүйіп тыңдаушылар да аз емес. Ал бүгінде талай өнер додаларынан қанжығасы құр қайтпай жүрген «Айгөлек» вокалды-инструменталды ансамблі де сол Төкеңнің қолымен құрылған өнер ұжымы екендігін айта кеткеніміз жөн. Тума талант ортамызда болғанда биыл 60 жасқа толар еді. Бүгінде өнер көші үзілмеген Төкеңнің көзін көрген жора-жолдастары мен тәлімін алған шәкірттері оның із-жолын жалғап келеді. Сәдуақас Мұханбетжанов, Кенжемұрат Мәжитов, Кенжебек Салихов, Ринат Алиев, Әділбек Жұмашев, т.б. өнерпаздардан тұратын «Айгөлек» ВИА мүшелері сазгер әндерін насихаттап жүр.

Қыркүйек айының 26-сында аудандық «Жалын» мәдениет үйі және «Айгөлек» ВИА-ның ұйымдастыруымен «Сол сағыныш» атты Төребек Шәріповті еске алу кеші өтеді. Кешке әншінің отбасы, республикаға танымал термеші Манарбек Дәулетов, талантты әнші Медет Қарамырза және «МУЗ ТРИО» тобы қатысады деп күтілуде. Кеш Тұщықұдық ауылдық мәдениет үйінде сағат 19.00-де өтеді.

С.БЕРІКБАЙ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521