Тәртіп бар жерде тазалық бар

Тазалық айлығына орай аптаның әр сенбісінде санитарлық тазалық, көгалдандыру жұмыстары жалғасын табуда. Байқағанымыздай, үлкенді-кішілі ауыл тұрғындары сенбілікке білек сыбана кіріскен.

Қыс бойы қар астында қалған ірілі-ұсақты қоқыс қалдықтарын тазалаған тұрғындар бірі күрегін алып топырақ қопсытса, бірі тырнауышымен қураған қамыстарды жинап, енді бірі тасжол жиегін әктеп, ауылдың көркін келтіруде. Бұл да бір өзіміз тұрып жатқан ауылға жасаған қамқорлық деуге саяды. Сенбілік айлығы бастал-ған уақыттан бері қарай аудан орталығы мен ауылдық округтердегі кәсіпорын, мекеме ұжымдарының өздеріне бөлінген аумақтарда тазалық жұмыстарына белсенділгі өз алдына, әрбір ауыл тұрғындары да шықты. Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінен алынған мәліметке сүйенсек, бұл жолы сенбілікке 700 адам қатысып, «КамАЗ» жүк көлігі және тіркемелі тракторлармен барлығы 14 техника жұмылдырылып, қоқыс қалдықтары шығарылған.

 

- Тазалық айлығының үшінші аптасында ауылдық округтердің берген мәліметінен Исатай ауылының белсенділігін ерекше атауға болады. Әкім аппараты және қоғамдық жұмыстың қызметкерлері орталық демалыс алаңдағы талдардың түбін түптеп, топырақтарын аршып, жаңадан 20 талдың орнын дайындаған. Сонымен қатар кейбір көшедегі қатты қоқыстар тазаланды. Теміржолшылар да теміржол маңын тазалап, тал-теректердің түбін қопсытып, көң төгілді.

Тазалық айлығына ауылдық округ тұрғындарының жұмыла атсалысып жатқаны көңіл қуантады, - дейді аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Болатбек Сисатов.

Иә, «жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей, әрбір адам тазалықты өз ауласынан бастап, көше бойындағы контейнерлердегі қоқыс қалдықтарын тиісті мекеме уақытылы тазалап тұрса, төккен тердің еш кетпегені.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521