Тәртіп сақшысы болғыңыз келсе

Полиция қызметкері - қоғамдық тәртіптің басты қорғаушысы.

Ол заңға бағынатын азаматтардың денсаулығы мен мүлкі толығымен қауіпсіздікте болуын қадағалайды. Бейбіт елдің тыныштығын күзетуде олардың атқаратын рөлі зор. Өйткені, қай қоғамда болмасын, ірілі-ұсақты қылмыстар болмай тұрмайды. Ал, тәртіп сақшыларының толық құрамда қызмет көрсетуі, ондағы білікті мамандар санының көбеюі қылмыстың азаюына септігін тигізері анық. Бүгінде аудандық полиция бөлімінде бос лауазымдар учаскелік инспектор, штаб инспекторы, кадр инспекторы, жол-патрульдік полиция тобы, кезекші бөлім инс-пекторы, жергілікті полиция бөлімшесінің бастығы, орынбасары, бөлім қызметкерлерінен тағайындау жұмыстары жүргізілуде. Маман даярлау жастарды тарту бағытында да бірқатар жұмыстар жоқ емес.

Мәселен, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Алматы, Қарағанды, Қостанай академияларының күндізгі оқу бөліміне үміткерлерді толықтыру мақсатында ауданның барлық мектептерінде бөлімдердің жергілікті полиция қызметі ювеналды полиция тобының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік полиция инспекторлары болып мектептердің 11-сынып оқушыларымен кездесулер өткізді. Онда жоғары сынып оқушылары оқу орнында көрсетілетін жеңілдіктермен танысты. Оқу, киім, тамақ, жатақхананың тегін екендігі, ұлдардың әскери борышы сол оқу жылдарына есептеліп, әскер қатарына шақырылмайтындығы түсіндірілді. Нәтижесінде ауданнан жеті үміткер оқуға ниет білдіріп, тиісті орынға құжаттары жіберілді. Жұмыспен қамту орталықтарының ұйымдастыруымен аудандарда өтетін бос жұмыс орны жәрмеңкелеріне тұрақты түрде сұраныстар беріліп келеді. Алайда, әзірге нәтиже болмай тұр. Оған себеп - салаға ниет білдірушілердің аздығы, ал қызығушылық білдіргендердің көзделген талаптарға сай келмеуі. Тоқталып өтер болсақ, кіші басшы құрамындағы лауазымдарға 35 жасқа дейінгі, Қарулы күштер қатарында қызмет еткен орта білімді, орта басшы құрамдағы лауазымдарға 35 жастан жоғары емес, жоғары заңгердің білімі бар, сонымен қатар спорттық жауынгерлік күрес және атыс түрлерінен спорт шеберлігіне үміткер азаматтар лайықты саналады. Мамандарға қызметтік пәтер қарастырылған. Егер аталған талапқа сай, жоғарыда айтылған бос лауазымдар бойынша жұмыс жасауға дайын азаматтар болса, аудандық бөлімнен толығырақ ақпарат алуларына болады. Қоғамдық тәртіптің қорғаушысы боламын десеңіз, мүмкіндікті пайдаланыңыз.

Әлібек САҒЫНДЫҚОВ,

аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары,

полиция подполковнигі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521