Тұщықұдық ауылдық округінің әкімі сайланды

Бүгін аудандық Жалын мәдениет үйінде Исатай ауданының мәслихат депутаттары Тұщықұдық ауылдық округінің әкімін сайлады. ​ ​ ​ ​

Осыған дейін аудандық газет арқылы аталған округ әкіміне үміткерлер өз сайлауалды бағдарламасымен депутаттарды және қалың көпшілікті​ таныстырған еді.​ Бүгінгі сайлауға 10 депутаттың 9-ы қатысып, өз таңдауын жасады. ​ ​​ ​ ​ ​ ​​ ​ ​ ​210521

Сонымен, халық қалаулыларының басым дауысын жинап, Тұщықұдық ауылдық округінің әкімі болып Айбатыр Бекішұлы сайланды.​

Айбатыр Бекішұлы 1975 жылы Исатай ауданы, Жанбай селосында дүниеге келген. ​

Білімі - жоғары. 2001 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін тарих пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1996 жылы Забурын совхозында жұмысшы болып бастаған.

2001-2007 жылдары Хамидолла Наубетов атындағы орта мектебінде тарих пәнінің мұғалімі;

2007-2009 жылдары Жанбай селолық мәдениет үйінің директоры;

2009-2015 жылдары Ю.Гагарин атындағы орта мектептің директоры;

2015-2017 жылдары Абай атындағы орта мектептің директоры;

2017-2019 жылдары Исатай аудандық білім бөлімінің басшысы;

2019 жылдан бастап «Nur Otan» партиясы Исатай аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамырда тіркеліп, №17102-г куәлік берілген.

Редакцияның мекенжайы: Исатай ауданы,
Аққыстау ауылы, Егемен Қазақстан көшесі, 12-үй.

Байланыс телефондары: 8 (71 231) 2-01-68,
2-01-52, факс 2-01-68.

Электронды пошта: naryn_tany2009@mail.ru

Әлеуметтік желілеріміз