Тұщықұдық ауылында көлік құралы газ құбырына соқтығысқан

Исатай ауданында жол жүрісі қағидасын бұзғаны үшін бір азаматқа айыппұл жазасы тағайындалды.

Бұл туралы Исатай аудандық сотының әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жарияланды.

Онда құқық бұзушы Н. 2020 жылғы 14 шілде, сағат 21.08 шамасында «УАЗ 220695-421-04» маркалы көлік құралын Тұщықұдық ауылы, Каримов көшесінің бойымен басқарып келе жатып, жол жүрісі қағидаларын бұзып, газ құбырына соқтығыс жасап, соққы екпінімен газ құбыры үйдің алдында тұрған «LADA GRANTA» маркалы көлік құралына құлағаны туралы айтылған.

Нәтижесінде жәбірленуші С.-ға материалдық залал келтірілген.

«Сот отырысында жәбірленуші С. құқық бұзушы Н. көлік құралын жөндеп бергенін, оған материалдық және моральдық талаптарының жоқ екенін айтты. Ал құқық бұзушы кінәсін мойындап, іс әрекетіне өкінетінін көрсетіп, айыппұл түріндегі жаза тағайындауды сұрады.

Сот қаулысымен Н. кінәлі деп танылып, оған 38 892 теңге айыппұл тағайындалды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ» делінген хабарламада.

Өз тілшіміз

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521