Тұщықұдық ауылында шеге өндіретін шағын цех іске қосылды

Исатай ауданы, Тұщықұдық ауылынан шеге өндіретін шағын кәсіпкерлік нысан жұмысын бастады.

Бұл жобаның иесі — Жеткіншек Бəуенов өткен жылы «Бизнестің жол картасы - 2025» бағдарламасы шеңберінде 2,5 млн. теңге грант ұтып алған болатын. Қайтарымсыз грантқа Қытай елінен шеге өндіретін «4С» құрылғысын сатып алған жеке кәсіпкер бүгіннен бастап шағын цехын іске қосты.

Жеткіншек Бәуеновтің айтуынша, құрылғы 70-120 мм көлеміндегі шегелерді өндіре алады және тəулігіне 600-700 келі өнім беретін мүмкіндігі бар.

- Шеге дайындайтын орама сымды Атырау қаласынан алдырып көрдік. Алайда, ондағы металдың сапасы төмендеу. Сондықтан, шикізатты Ресей елінен тасымалдаған дұрыс деп шештік. Алғашқы тапсырысты беріп те қойдық, - дейді кәсіпкер.

Айта кетейік, бұл - Исатай ауданында құрылыс саласында алғаш рет мемлекеттік қолдау арқылы жүзеге асқан инновациялық жоба.

Берікбол ҚОНАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521