Тұщықұдықтағы тұңғыш кешен

Тұщықұдық ауылы тұрғындары үшін ақпанның алғашқы күні қуанышпен басталды. Сол күні мұнда халық игілігі үшін дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің салтанатты түрде ашылуы өтті. Өткен жылдың маусым айында «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы аясында құрылыс жұмыстарын жүргізуші «Ас-Құрылыс» ЖШС кешеннің іргетасын қалаған болатын. Спорт кешенінің жалпы ауданы 818,88 шаршы метрді құрайды

Кешеннің ашылу салтанатына аудан әкімі Полымбет Хасанов қатысып, жиналғандарды құттықтады.

- Қадірменді спортсүйер қауым және спортшылар! Ауданымызда тағы бір қуанышты сәттің куәсі болудамыз. Тұщықұдық ауылы тұрғындарының көптен күткен дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы аяқталып, халық игілігіне пайдалануға берілді. Ауданымызда бұқаралық спортты дамытуға ерекше мән беріліп, жыл сайын спорт нысандарының саны артуда. Бұрын спорт кешені тек аудан орталығында ғана болса, 2021 жылдың аяғында Жанбай ауылында ашылғаны баршаңызға мәлім. Міне, бүгінгі күні Тұщықұдықтан ашылып отыр. Аталмыш нысанды Х.Ерғалиев ауылы мен Исатай ауылынан да салу үшін құжаттар жасақталуда. Өткен жылы Аққыстау ауылынан көп нысаналы спорт алаңы салынып, пайдалануға берілгенін де айта кетейін. Сонымен қатар, Зинеден ауылынан өзге ауылдық округтерде кіші аяқдоптан футбол алаңшалары салынып, жаңартылып, пайдалануға берілді. Міне, осылайша спортқа үлкен көңіл бөлініп, тиісті жұмыстар жүргізілуде. Алдағы уақытта да бұл саланы дамыту мақсатында жұмыстар жалғасын табатын болмақ. Бәрі де аудан тұрғындарының денсаулығын нығайтып, салауатты өмір салтын қалыптастыруға үлкен мүмкіндік деп білеміз. Спортшыларымыз көк туымызды көкке көтеріп, жеңіс тұғырынан көріне берсін,- деді ол.

 

_dsc0047

Оған қоса спорт саласының ардагері Бердібек Қайраханов пен ардагерлер арасында қол күресінен Әлем чемпионы Алмагүл Қанатова жиналғандар алдында сөз сөйлеп, спортшылардың игілігіне жарар нысан болуына тілек білдірді.

_dsc0053

Кешеннің керме лентасын Тұщықұдық ауылдық ардагерлер кеңесінің төрайымы Қабира Каюмова мен Бердібек Қайраханов қиды. Спорт кешенінің бірінші қабатында үлкен ойын залы болса, ал екінші қабатындағы жаттығу бөлмесі түрлі спорт жабдықтарымен жасақталған. Кешеннің қасында кіші футбол алаңы да бар.

_dsc0059

 

Жайна МӘЛІМҚОЖА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521