Тұщықұдық ауылында «Береке- бірлікте, ырыс-ынтымақта» атты мерекелік шара өтті

Нариман Үлкенбайұлы атындағы мәдениет үйінде, Қазақстан халықтарының бірлігі күніне «Береке- бірлікте, ырыс-ынтымақта» атты мерекелік шара өтті деп хабарлайды Тұщықұдық ауылдық әкімдігі.

Алғашқы мерекелік құттықтау сөзді Тұщықұдық ауылдық округінің әкімінің орынбасары Есмағила Ербол Серікұлы ауыл тұрғындарын құттақтап, бір топ мекеме Қызметкерлеріне ауыл әкімінің «Алғыс хаттарын»,естелік сыйлықтарын табыс етті. Сонымен қатар еңбек ардагері, Тұщықұдық ауылдық округі Аналар кеңесінің төрайымы Балғаным Қайырлиеваға, Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіподағының «Елеулі еңбегі үшін» төс белгісімен марапаттады. Мәдениет үйі өнерпаздары мерекелік көңіл күй сыйлады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521