ТҰЩЫҚҰДЫҚ АУЫЛЫНДА «ЖАҚСЫ КЕЛІН - ЫРЫСЫҢ» АТТЫ КЕЛІНДЕР САЙЫСЫ ӨТТІ

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне орай «Жақсы келін - ырысың» атты келіндер сайысы өтті деп хабарлайды Тұщықұдық ауылдық әкімдігі.

Шараның басты мақсаты қазіргі жас келіндер арасына ежелден ұмыт болған ата -дәстүр салтымызды қайта жаңғыртып, қазақ келінінің бойынан табылуы керек игі қасиеттерді қайта жандандыру. Аталмыш сайыс бес кезеңнен тұрды. Атап айтқанда:

 

1. "Тегін білу - тектілік" - таныстыру кезеңі 2. "Сыр - сандық" ұлттық салт-дәстүрлер бойынша сұрақ-жауап.

 

3. "Өнер сайысы" (өз өнерін көрсету)

 

4. "Ситуациялық сұрақтар" сұрақ-жауап сайысы.

5. "Дәм -думан" сайысы.

 

Сайысқа округ әкімі А.Бекішұлы, Аққыстау ауылдық округінің аналар кеңесінің төрайымы Л.Мутянова, ауыл ардагері А.Боранбаева қатысып, қатысушыларға өз игі тілектері мен ақ

батасын берді.

 

Жан-жақты дайындығымен келген келіндер сайыста өздерінің ерекшеліктерімен танылып, көптің көңілінен шықты. Бес кезеңді қамтыған сайыс барысында Аққожа Нұрсәуле Саматқызы (Күнбатыс келіні) үздік деп танылып, “Үздік Тұщықұдық келіні-2023" атағын жеңіп алды. Қалған 6 қатысушы келіндерге “Сымбатты келін-2023", "Инабатты келін-2023", "Өнерлі келін-2023", Дәстүрлі келін-2023", "Парасатты келін-2023", "Көрегенді келін-2023" номинация иелеріне алғыс хат, сыйлықтар тарту етілді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521