Тұщықұдықта "Үлкендер жолы - ұрпаққа үлгі" атты шара өтті

1 қазан - Қарттар күніне орай Тұщықұдық ауылдық округі әкімшілігі мен Тұщықұдық ауылдық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен "Үлкендер жолы - ұрпаққа үлгі" атты шара ұйымдастырылды деп хабарлайды Тұщықұдық ауылдық округ әкімдігі.

Шара ардагерлерімізге арналған спорттық сергіту жаттығуларымен бастап, одан әрі ардагерлер арасында дойбы, асық ату, қол күресінен спорттық шаралармен жалғасты. Ауылдық округ әкімі А.Бекішұлы қазыналы қарттарымызды мерекелерімен құттықтай отырып, спорттық сайыстан анықтаған үздіктерді марапаттады. Тұщықұдық ауылдық ардагерлер кеңесінің төрайымы К.Каюмова қарттарымызды сергіту мақсатында ұйымдастырлған шараның мақсаты мен маңызына тоқталып, барша ардагерлерді мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдіріп, әдемі ән шырқалып, мерекелік көңіл күй сыйлады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521