Тұщықұдықтағы Наурыз мейрамы ерекше өтті

Тұщықұдық ауылдық округіндегі  Нариман Үлкенбайұлы атындағы мәдениет үйі алаңында, Жаңа жыл басын думандатып атап өтті деп хабарлайды Тұщықұдық ауылдық округі.

Орталық алаңға киіз үйлер тігіліп, наурыз тойға келгендерге ақ дастархан жайылды. Аудан әкімі Полымбет Максимұлы барша ауыл тұрғындарын еңсесі биік елдіктің, бейбітшілік пен берекенің, ырыс пен ынтымақтың мерекесі болған Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесімен құттықтады. Ашық аспан астында ауыл тұрғындары мен қонақтарына, ауылымыздағы барлық мекеме ұжымдары дайындаған, Мәдениет үйі, Ж.Мырзағалиев мектебі, Жамбыл бастауыш мектебі, Құлыншақ бөбекжай-бала бақшасы, Жанұялық емхана, Ш. Шәріпов саз мектебі «Жаңа нұр-Жаңа жыл» атты театрландырылған көріністерін тамашалады. Ауыл өнерпаздары ән мен күйден бар өнерлерін ортаға салса, мың бұралған бишілер  шараның сәнін келтірді. Ұлттық ойындар, ләңгі тебу,қой көтеру, арқан тартыс, күрес, спорттық шаралар өз кезегінде қызықты, тартымды өтті. Жеңімпаздарға ақшалай сертификаттар табыс етілді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521