Тұщықұдықтық оқырмандар газетке жаппай жазылуда

Бұдан екі-үш апта бұрын аудандық «Нарын таңы» газетінің тілші-журналистерімен болған кездесу кезінде Тұщықұдық ауылдық ардагерлер мен аналар кеңесінің төрайымдары Кабира Каюмова мен  Балғаным Қайырлиева бастаған газет жанашырлары өздерінің рухани сырласы  –«Нарын таңы» газетіне  бір кісідей ұйымшылдықпен жазылайық» деген Үндеу тастаған  болатын.

Бұл бастамаға сол кезде біздер болған барлық ауылдық округтердегі мекеме-кәсіпорын мен ұйымдар және басқа да түрлі сала өкілдері мен жергілікті оқырмандар, қоғам белсенділері, газет жанашылары бірауыздан қолдау білдіріп, сол бойда төл басылымға жазылуға кірісіп кеткен еді.

Бүгін редакциямызға Тұщықұдық ауылдық аналар кеңесінің төрайымы Балғаным Қуандыққызы телефон арқылы хабарласып, қуанышты хабарын жеткізді. Оның айтуынша,  соңғы бір-екі күнде «Құлыншақ» балабақшасының 57 тәрбиешісі түгелдей «Нарын таңы» газетіне жазылыпты. Апайдың сөзінше, бұл бастамаға ауылдық амбулаториялық дәрігерлік емханасы мен Ж.Мырзағалиев атындағы орта мектеп пен Разведка ауылындағы бастауыш мектептің педагог мұғалімдері де қолдау білдіріп, бірінен кейін бірі жаппай жазылып жатқан көрінеді. Бұлардың бас-тамасы басқа да округтерге, мұнайшыларға, жеке кәсіпкерлерге, дәрігерлерге, шаруа қожалықтарына, жергілікті тұрғындарға, басқа да оқырмандарға үлгі болары сөзсіз.  Мұндайда  «Бәрекелді!» дегеннен басқа не айтамыз. Сең қозғалды.  Лайым осылай  барша исатайлық ағайын өз үйлеріне аудан айнасы -«Нарын таңы» газетін жаздырып алатынына кәміл сенеміз.

                                                                                                             

Аяпберген САЛИХОВ,

бас редактордың міндетін атқарушы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521