Қазақстан — әлемдегі сапалы көмір қоры мол мемлекеттердің бірі. Бұл еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде үлкен артықшылық береді. Алайда қазіргі экологиялық талаптарға сай, көмірді бұрынғыдай дәстүрлі жолмен жағып, қоршаған ортаға зиян келтіру дұрыс емес.
Сондықтан көмір энергетикасын дамытуда заманауи, озық технологияларды қолдану — уақыт талабы. Бұл технологиялар арқылы ауаға бөлінетін зиянды қалдықтарды азайтып, көмірді экологиялық таза жолмен пайдалану мүмкіндігі бар.
Еліміз үшін көмір саласын дамыта отырып, экологиялық тепе-теңдікті сақтау — басты басымдықтың бірі болуы тиіс. Мемлекет тарапынан бұл салаға қатысты кешенді бағдарламалар қабылданып, көмірді тиімді әрі қауіпсіз пайдалану жолдары зерттелуі қажет. Табиғи байлықтарымызды дұрыс игеру арқылы біз тек экономикамызды ғана емес, табиғатты да қорғауға өз үлесімізді қоса аламыз. Демек, көмір энергетикасы мен экологияны қатар дамыту — еліміздің тұрақты дамуы үшін маңызды бағыт.
Асқар АБУОВ,
Нарын ауылдық округінің әкімі

