Тұщықұдық ауылының тұрғындары мен қонақтары тамаша рухани демалыс сыйлаған сахналық қойылымның куәсі болды.
Нариман Үлкенбайұлы атындағы ауылдық мәдениет үйі жанындағы Аққыстау халық театры көрермендері үшін жазушы Тынымбай Нұрмағанбетовтің «Табалдырық» драмасын сахналады.

Қойылымның басты кейіпкерлері Толасбай мен оның әйелі Файрузаның өміріндегі негізгі мақсаты – мансап қуу. Толасбайдың басында болған жағдай кез - келген адамның басында болуы мүмкін жайт. Аталған спектакль - көрерменді ата-ананы, басқа да туысқандарын сыйлауға, бағалай білуге үндеуімен көптің көңіліне жақын дүние.

Бір сағаттан астам уақыт бойына зал тола көрерменді бірге күрсіндіріп, бірге қуантқан, бірге мұңайтқан қойылымдағы кейіпкерлерін шебер сомдаған театр әртістері Жалғасбай Мақсотұлы (Жөкен), Алтынай Әділбекқызы (Толасбайдың анасы), Мақсот Мәлімқожаұлы (Толасбай), Айназ Сашкақызы (Файруза), Ғалым Тұқпатұлы (Мақыш құда), Берікбол Талғатұлы (Шегентай) және Ахмедияр Әскербекұлы (Сағын) баршаны бек риза етті.
Жоламан ДӘУЛЕТИЯР


