Аудан тұрғындары соңғы уақытта қан тапсыру, зертханалық анализ алу кезінде туындап жатқан қиындықтарды жиі айтып, біздің редакцияға да хабарласады. Себебі кез келген дәрігерлік қабылдаудан бұрын науқас алдымен қан мен басқа да талдаулар тапсыруға жіберіледі. Ал бұл процестің өзі тұрғындардың айтуынша, науқасқа алғашқы сынаққа айналып отыр.
Мәселенің анық-қанығын білу үшін біз де аудандық ауруханаға арнайы барғанымызда, тұрғындардың шағымы негізсіз емес екеніне көз жеткіздік. Зертханалық анализ қабылдайтын жер – «Олимп» жекеменшік зертханасы. Қазіргі таңда аудандық аурухана күрделі жөндеуде болғандықтан, барлық медициналық бөлімдер уақытша шағын ғимаратта жұмыс істеуге мәжбүр. Ал қан тапсыру үшін тұрғындар дәл осы уақытша орналасқан «Олимп» зертханасына жолданады.
Зертхана орналасқан орын өте тар, отыратын орын жетіспейді, қабылдаудың баяулығы тұрғындар арасында түсініспеушілік туғызып жатыр. Оған қоса тек бір ғана маман жұмыс істейді. Осындай негіздер қызметтің баяу жүруіне әкеп соғып тұр. Байқағанымыздай, жастар жағынан сабырсыздық байқалып, дау-дамай туындап жатады. Ал үлкендер жағы үнсіз ғана күтіп, әр минутын тағатпен өткереді. Осындай сәттерде мәдениеттілік пен өзара сыйластық жетіспей жатады.Сондықтан бұл жердегі кезек тәртіп пен төзімді талап етеді. Ол туралы біз кезіккен ауыл тұрғыны да әңгіме арасында тілге тиек етті.
Жалғасы газеттің №28 (4241) санында
Сағыныш ҚАЙЫР