«Танылмаған талант» тұсауын кесті

Аудандық Жастар ресурстық орталығы ауданда «Танылмаған талант» жобасын қолға алған болатын.

Мақсат - ауыл-ауылдағы бойында өнері бар талантты да талапты жастарды ортаға тарту, көпке таныстыру, оларды түрлі шараларға қатыстыру нәтижесінде шығармашылығын шыңдауға мүмкіндік жасау.

Аудандағы ауылдық округтер бойынша кезек-кезегімен өтетін болған бұл өнер байқауы дүйсенбі күні Тұщықұдық ауылдық округінде бастау алды. Тұщықұдық мәдениет үйіндегі тыңдарманын тәнті еткен осынау өнер додасына оның шарты бо-йынша 16-29 жас аралығындағы ауыл өнерпаздары қатысып, түрлі жанрда өздерін сынға салды.

Өнердің бір шаңырағындай көрінетін ауылда өнерлі жас өрендер аз емесін танытқан байқауға тоғыз бірдей жас қатысты. Мәселен, Д.Нұрпейісова атындағы өнер академиясының 4-курсында оқитын Латиф Айтқабыл Құрманғазының «Терісқақпайын» төгілтсе, аталған оқу орнының 2-курс студенті Ұлмерек Демесінқызы Ғ.Құрманғалиевтың «Әнші да-уысын» шырқады. Басқа да, бірі еңбек етіп, бірі оқып жатқан ауыл жастары Мәжит Бейсенбек, Таңшолпан Мұғау, Диана Дәуренқызы, Алтынбек Махамбет, Жанарыс Оспан, Аружан Тілекқабылова және «Бриллианты» би тобы би билеп, күй тартып, өз өлеңдерін оқып, ауылдас-тарды риза етті.

Жастардың өнерін тамашалап әрі сараптаушы Жастар ресурстық орталығының мамандары барлық ауылдық округтерде өткізіліп барып қорытындыланбақшы жобаға қатысқан өнерлі өрендердің болашағына сәттілік тіледі.

Жоламан Дәулетияр

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521