Танымал тренер Нұрлан Азаматов Исатай ауданында тегін оқыту курсын өткізді

6-9 наурыз күндері Исатай аудандық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен тегін оқыту курсы өтті. 

"Work and life” тренинг орталығының "Ораторлық өнер және Риторика" бағдарламасымен дайындалған «Ораторлық өнер және көпшілік алдында сөз сөйлеу дағдыларын қалыптастыру» тақырыбында өткен курсты Атырау облысы бойынша "Ораторлық өнер" мектебінің директоры, республикаға танымал тренер Нұрлан Азаматов жүргізді.

qimil

3 күндік оқыту курсына биылғы «Волонтерлар» жылына орай ауданымыздың еріктілер клубының мүшелері мен жастар орталығының мамандары қатынасты.

Шеберлік сағатының негізгі мақсаты – жастарды ораторлық өнер негіздеріне, көпшілік алдында сөз сөйлеу кезіндегі қорқыныш пен қобалжудан құтылуға, дыбыстарды дұрыс айту, дауыспен және сөз сөйлеу стилімен жұмыс жасауды үйрету. Сонымен қатар, белгілі ораторлардың сөй сөйлеудегі ерекшеліктері талқыланып, қатысушылар арасында арнайы тапсырмалар орындалды. Курс барысында Нұрлан Серікұлы ораторлық шеберлік – жұртшылықты иландыра білу өнері екендігін айтты. Жастармен бірге, шынайы үлгілердің көмегімен, ораторлықтың негізгі бағыттарын талқылап, аудиторияға әсер ету әдістеріне үйретіп, ораторлық шеберліктің негіздеріне толығырақ тоқталды.

isatai-jas10

Жастар ресурстық орталығының басшысы Р.Нәбидоллаұлы аталған курстан сертификатталған жастар аудан көлемінде осындай тренингтерді жүргізіп, аудан жастарымен осы бағытта жұмыс жасау жоспарда екенін айтты.

Анар Шұғыпан,

«Qol soz» еріктілер клубының мүшесі, студент

ФОТОГАЛЕРЕЯ

БІРІҢҒАЙ МЕМЛЕКЕТТІК БАЙЛАНЫС

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521